Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлының қатысуымен ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңін қорытындылау және жылыту маусымы кезінде төтенше жағдайлар бойынша қабылданған шаралар туралы баспасөз брифингі өтті.
Шымкентте Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінде орман шаруашылықтарына қарасты аумақта 1,25 га 41мың материалдық шығынымен құрғақ шөптің жануы бойынша 2 өрт тіркелді.
Өрт қауіпті маусым басталғалы бері жүргізілген жұмыстар: бұқаралық ақпарат құралдарында 331 рет үгіттеу жұмыстары ұйымдастырылды. Ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1110,5 км құрайтын минералдандырылған жолақтарды жырту жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу, өрт-тактикалық жаттығулар жүргізіліп, орман мекемелері қызметкерлеріне сабақтар өткізілді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлерімен рейдтік іс- шаралар ұйымдастырылғанын атап өтті.
Тиісті мекемелермен өрт қауіпті кезеңде «Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары» түзіліп айтты.
Сонымен қатар, Жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15 тамыз бен 15 қыркүйек арасында қала аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өтеді. Оның шеңберінде тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға бағытталған кезең-кезеңімен жүргізілетін іс-шаралар жоспары бекітілген — деді азаматтық қорғау полковнигі Е.Отарғалымұлы. Баспасөз брифингінде Еркін Отарғалымұлы, жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар өрт қауіпсіздігі талаптарын айтып өтті. Бұл,
- жылыту маусымы басталар алдында және жылу беру маусымы барысында түтін құбырларын, түтін мұржаларын және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа элементтерін күйеден кемінде үш айда бір рет тазалау;
- электр сымдарына тексеру жүргізу, тозған және уақытша схема бойынша жүргізілген электр сымдарын ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау;
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеу. Үй-жайды жылыту үшін қолдан жасалыңған стандартты емес электр жылыту құралдарын пайдаланбау;
- пештерді қатты қыздырмау, жанғыш материалдарды, кірлерді жанып жатқан пештің үстінде кептірмеу;
- аула аумағын құрғақ шөптен және жанғыш қоқыстардан тазарту, күл жинау үшін қауіпсіз орынды алдын ала анықтау;
- балаларды үйде ересектердің қарауынсыз қалдырмау.