Бүгін қалалық полиция департаментінің қызметкерлері құқық бұзушылықтарды есепке алу-тіркеу саласын талқылады.
Жиынға департаменттің басшылығы, жеке құрамы және ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің аға прокуроры Ботабек Нурманов қатысты.
Жиналыс барысында есепке алу-тіркеу — сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізудегі басты қадамдардың бірі екені және маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Осы орайда, департамент және аудандық полиция басқарма қызметкерлеріне аталған саладағы жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастырып, тәртіпті нығайту бойынша ай сайынғы салыстыра тексеруді жан-жақты және толыққанды жүргізуді туралы айтылды.
Орын алған жайттарға үңіле қарап, арыз шағымдар бойынша уақытылы және негізді шешім қабылдап, қылмысты есептен жасыру фактілері орын алмау қажеттігі туралы ескертілді.
Сондай-ақ, мұндай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірнеше ұсыныстар айтылды.
Айта кетсек, шаһарда жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар өтті.
Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу — қоғам алдыңдағы басты міндеттердің біріне айналған.
Шымкент қаласы аумағында “Жасөспірім” профилактикалық іс-шарасы 5-6 шілде күндері аралығында түнгі уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында түнгі уақытта кәмелетке толмағандар анықталып, жасөспірімдер мен ата-аналардың арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы полиция департаментінің тапсырысымен қаламыздағы «Diamond Plaza» CО-дағы «Pixel» кинотеатр залдарында ағымдағы жылдың 26-мамырынан бастап 40 күн бойы, яғни 4 шілдеге дейін көрермендер үшін есірткімен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікті ескерту бойынша бейнеролик көрсетілді.