Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құрамы күнделікті қоғамдық тәртіп сақтауда қызмет атқаруда. Қазіргі таңда қала тыныштығын бұзу заңсыз приотехникалық бұйымдарды қолдану, яғни от шашуларды қолдану көбейді.
Осы бағыт бойынша қалалық полиция қызметкерлері күнделікті іс-шаралар өткізуде. Сондай-ақ жеке тұлғалардың тыныштығын және қоғамдық тәртіпті бұзып, заңсыз пиротехникалық бұйымдарды қолдану – ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша хаттама толтырылып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштық бұзу – ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Заңсыз пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салынған. Шымкент қаласы полицейлері қала тыныштығын бұзып, от шашуларды қолданбау керектігін, сонымен қатар заңсыз пиротехникалық бұйымдарды қолданған жағдайда қатаң шара қолданылатының ескертеді!
Айта кетсек, шаһарда жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар өтті. Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу — қоғам алдыңдағы басты міндеттердің біріне айналған.
Шымкент қаласы аумағында “Жасөспірім” профилактикалық іс-шарасы 5-6 шілде күндері аралығында түнгі уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында түнгі уақытта кәмелетке толмағандар анықталып, жасөспірімдер мен ата-аналардың арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы полиция департаментінің тапсырысымен қаламыздағы «Diamond Plaza» CО-дағы «Pixel» кинотеатр залдарында ағымдағы жылдың 26-мамырынан бастап 40 күн бойы, яғни 4 шілдеге дейін көрермендер үшін есірткімен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікті ескерту бойынша бейнеролик көрсетілді.
Екі минутқа созылған анимациялық бейнероликте қазіргі таңдағы есірткі заттарын өткізудің кең тараған түрі — электрондық ақпараттық ресурстарды, соның ішінде интернет, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдаланып жасалған қылмыстар үшін қолданыстағы заңнамамада белгіленген жаза түрлері туралы көрсетіліп, оған жол бермеу қажеттілігі айтылды.
Қала әкімдігінің қолдауымен өткізілген бұл жұмыстар тұрғындардың, әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталды.
Атап өту қажет, аталған бастама Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде, «26-маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудансына қарсы күрес күніне» орай өткізілді.