ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде әр жыл сайын өткізілетін «Айбын-2024» Х әскери-патриоттық жастар жиыны 2024 жылғы 16-22 маусым аралығында Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының «ӘЛИ» оқу-жаттығу базасында халықаралық деңгейде (Қазақстан, Ресей, Беларус, Қырғыстан, Өзбекстан, Әзербайжан) мемлекеттерінің қатысуымен және еліміздің 20 (жиырма) өңірлерінің әскери-патриоттық клубтары, әскери бөлімдер, «Жас Ұлан» әскери мектептерінің әскери-патриоттық «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері жалпы 50 (елу) команда 750 (жеті жүз елу) жастар қатысты. Айтулы додада Шымкент қаласының намысын қорғаған «Сұңқар» «Болашақ» әскери-патриоттық «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері 30 (отыз) (20 ұл, 10 қыз) оқушы жастарымыз жоғары тың дайындықпен барлық күш-жігерін салып, өз өнерлерін паш етті. Халықаралық «Айбын-2024» Х әскери-патриоттық жастар жиынының ережесі: 1. Айбын дарыны интеллектуалдық зияткерлік ойыны. 2. Айбын жұлдызы шығармашылық байқауы. 3. Кермеге артылу (ұлдар). 4. Арқаға жатып денені көтеру (қыздар) 5. АК-74 автоматын шашу және жинау (3 ұл, 2қыз) 6. Пневматикалық винтовкадан ату (2 ұл, 1 қыз) 7. Әскерилендірілген этафета (4ұл, 1қыз) 8. Әскери кросс 3000м ұлдар. 9. Әскери кросс 1000м қыздар 10. Арқан тарту (ұлдар) Қорытынды есепте жас өрендеріміздің жетістіктері «СҰҢҚАР» КОМАНДАСЫ Ак-74 2-орын Айбын дарыны 10-орын Айбын жұлдызы 8- орын Пресс 1-орын Турник 6- орын Тир 5- орын Эстафета 12-орын Арқан 5-орын 1000м 9-орын 3000м 3-орын Жалпы: 61 бал Командалық есепте IV ОРЫН «БОЛАШАҚ» КОМАНДАСЫ Ак-74 3-орын Айбын дарыны 7-орын Айбын жұлдызы 4- орын Пресс 3-орын Турник 8- орын Тир 3- орын Эстафета 5-орын Арқан 1-орын 1000м 4-орын 3000м 4-орын Жалпы: 42 бал Командалық есепте ІІ ОРЫН Айта кетейік биылғы халықаралық «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиыны тұңғыш армия генералы Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.