Қаржылық сауаттылық дегеніміз — қаржы өнімдері мен қызметі туралы білім. Қаржылық сауатты адам өз бюджетін жоспарлаудан, бар қаржысын көбейту жолдарынан, банк өнімдері мен салық заңнамасынан хабардар болуы керек.
Осы орайда, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, лудоманиямен күрес және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету бойынша кеңес беру мақсатында Кентау қаласының тұрғындарына семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде азаматтарда ұтымды қаржылық әрекетті қалыптастыруға бағытталған семинарға жергілікті Ішкі істер департаментінің өкілдері, Прокуратура қызметкерлері, бизнес-тренер Жандос Әзімбай мен психолог Назипа Алтаева қатысты.
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды ерте жастан бастау керек. Себебі, сауатты болу – жас талғамайтын, кезек күттірмейтін маңызды шаруа. Бұл – ұзақ мерзімді әрі тиімді тәсілдердің бірі. Осыған байланысты қаражатты жұмсай білу, түбіртек талап ету секілді дүниелер бала кезден қалыптасу қажет, — деді бизнес-тренер Жандос Әзімбай.
Спикерлер тұрғындарға сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздік туралы білімнің төмен болуы қаржылық алаяқтыққа, шамадан тыс қарыздар мен әлеуметтік проблемаларға, соның ішінде депрессияға және басқа да жеке мәселелерге әкелуі мүмкіндігін жеткізді.
Қоғамда түрлі дерттер бар. Қазіргі таңда, оның көбі қаржыға тәуелділіктен туындап жатады. Президентіміз өз жолдауында айрықша тоқталған «лудомания» дерті белең ала бастады. Бұның шығу себебі, осындай қаржылық сауаттылықтың аздығанан туындап жатады, — деді психолог Назипа Алтаева.
Кеңес беру барысында тұрғындар сала мамандарынан кеңес алып, тұрғылықты жерлері бойынша жауапты сала өкілдерінің көмегіне жүгінді.