2024 жылдың ақпан айында Департамент қызметкерлерімен жүргізілген кешенді арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, жалған есепке-алу бақылау маркаларын пайдалану арқылы алкоголь өнімдерін және этил спиртін саудалап, сатумен айналысқан азаматтарға қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Қылмыстық іс аясында Шымкент қаласында тінтулер жүргізіліп, іске маңызы бар заттар яғни, 9 900 литр этил спирты, дайын арақ өнімдерімен, арақ өнімдерін жабуға қажетті заттар, қақпақтар, бос бөтелкелер, есепке алу бақылау маркалары анықталған.
Бұдан бөлек, күдіктілерден үлкен соммада ақша қаражаттары анықталған. Аталған ақша қаражаттарына сотпен тыйым салынған.
Күдікті тұлғалармен қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттары, әрі қарай «Kaspi Bank» депозит шотына салып, депозит бойынша үстеме пайыздар алып отырғаны анықталған.
Нәтижесінде, табылған заңсыз ақша қаражаттарына қымбат шетел автокөліктерін сатып алынғаны дәлелденген, атап айтқанда «Toyota Land Cruiser 300» 2023 жылғы, «ZEEKR 001» 2023 жылғы, «KIA K8» 2022 жылғы, «Hyundai Grandeur» 2018 жылғы, «VOLVO» 2018 жылғы автокөліктерін сатып алып, қылмыстарын жасыру мақсатында өздерінің жақын туыстарының атына тіркеген.
Сот санкциясымен 75 млн теңгеден аса ақша қаражаттарына және 2 тұрғын үйге, 13 автокөлікке тыйым салынған, жалпы тыйым салынған мүліктердің соммасы 400 млн теңгеден асады. Бүгінгі таңда қылмыстық іс сот қарауына жолданған.
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қылмыстарды анықтаумен қатар, қала аумағында профилактикалық және превентивті жұмыстарды жүргізеді.
Департамент қала аумағында орналасқан дүкендерге, сауда орталықтарына заңсыз алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу бойынша ескерту хаттарын беру жұмысы жүргізіп, жыл басынан 58 дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №589 қаулысымен «Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары» бекітілген. Аталған жоспарға сәйкес, қала әкімдігінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі Өкімімен, көлеңкелі экономика үлесін төмендету жөніндегі жұмыс тобы (комиссия) құрылған. Комиссияның мақсаты: Шымкент қаласындағы көлеңкелі экономикамен күрес, оның деңгейін төмендету және превентивті шаралар қабылдау болып табылады.
Департаменттің жұмысы қылмыстардың санымен емес сапа жағына ауыстырылған, қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпау – басты міндеттер болып саналады.