Бірнеше айдың ішінде жігіт 21 тұрғынды екі доңғалақты темір тұлпарсыз қалдырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге жуық.
Қаскөй көпқабатты үйлердің кіреберісіне кіріп, баспалдақ алаңында қалдырылған велосипедтерді ұрлаумен айналысқан. Ал, дөңгелекті құлыптау құрылғыларын қысқышпен кесіп жүрген.
Күдіктіні тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған қала тұрғыны болып шықты. Рецидивист қамауға алынды.
Әл-Фараби АПБ тергеушілері барлық айғақтарды жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады.
Қылмыстар сериясы үшін ер адам 2 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.Шымкент қаласы полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Сүйеубеков Нұрдаулет Пернебекұлының төрағалығымен Тұран ауданы полиция басқармасының мәжіліс залында тергеушілер, анықтаушылар мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жедел кеңес өтті.
Аталған жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының мазмұны мен тармақтары түсіндірілді.
Нақтырақ айтсақ, Қылмыстық кодекске енгізілген «зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар», — деген жаңа ұғым, жаңа баптар 108-1 (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), 109-1 (ұрып-соғу), 121-1 (он алты жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипаттағы қорлау), 313-1 (суицидті насихаттау), сондай-ақ олар бойынша тергеуді анықтау және басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Шымкентте киберполицейлер Белсенді ұзақ өмір орталығының келушілерімен кездесті
Іс-шара мақсаты азаматтардың кибер сауаттылығын арттыру және оларды ғаламтордағы алдау түрлері туралы хабардар етуге бағытталған.
Кездесу барысында әлеуметтік желілердегі алдаудың құрбаны болмау және онлайн-алаяқтардың негізгі схемалары туралы айтылды.
Жиын қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алып, алаяқтардан қалай қорғану керегін меңгерді.