Шымкент қаласының полиция департаменті музейінің меңгерушісі Гүлнәр Шалқарқызы экскурсия жасауға арнайы келген кезекті қонақтарды күтіп алды. Бұл жолы полицияның тарихымен танысуға Д.Қонаев атындағы мектептің 10 сынып оқушылары келді.
Экскурсия барысында білімгерлер департамент музейінің залдарын аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Шарен Бекенов құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасуды мақсат еткен жастарға полицейдің күнделікті жұмысы туралы айтып, бұл қызметке орналасудың талаптарын түсіндірді.
Қазіргі таңда, мұражайда 4 мыңнан астам экспонат сақталуда. Оның ішінде даңқты генералдар мен батыр полицейлердің өмірбаяндары, ордендері мен қол сағаттары, тіпті қызметтік формалары бар. Сондай-ақ, мұнда полицейлердің мотокөлігі және өткен ғасырдағы басшылар отырған үстел, майшамдар, қару-жарақ түрлеріне дейін әкелінген.
Айта кетейік, мұндай экскурсиялар балалардың бойындағы патриоттық сезімді оятуға зор үлес қосады.
Қаратау ауданы полиция басқармасының тергеу, анықтау және жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өтті.
Жиынға полиция департаменті анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі И.Құралбаев төрағалық етті.
Кеңесте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының мазмұны мен тармақтары түсіндірілді. Яғни, Қылмыстық кодекске енгізілген «зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар», — деген жаңа ұғым, жаңа баптар енгізілгені туралы, сондай-ақ бұл қылмыстар бойынша тергеуді жүргізу бойынша айтылды.