Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 жеке сектордағы үй, 205 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан. Бүгінде аудан бойынша жалпы 257,7 мың халық орналасқан. Ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысандар бар.
Абай ауданының инфрақұрылым жүйелерімен қамту көрсеткішіне тоқталар болсақ, аудан сапалы ауыз су және электр жарығымен 100% қамтылған.
Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданында электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 2 тоқсанында аяқталды деп күтілуде.Абай ауданының 23 елді мекені табиғи газбен қамтылған яғни 85,2% құрайды. Бүгінде табиғи газбен қамтылмаған елді мекендер саны – 4 ол пайыздық көрсеткіште 14,8% құрап отыр.
Бүгінгі таңда 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ тұрғын алабы-70%, Қайнарбұлақ саяжайы-50%, Ынтымақ-2 шағын ауданы — 56% құрылысы аяқталған.
Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға жоспарланған.27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған.
2023 жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:
— Достық шағын ауданының ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған.
— Асар-2 шағын ауданыныда құрылыс жұмыстары басталып, сот шешіміне сәйкес тоқталған.
— Бозарық шағын ауданындағы 74 га көп қабатты тұрғын үйлер аумағына кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталған.
— Ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын Шымсити-Төлеметов колектор құрылысы жүргізілуде. Ол 2024 жылға өтпелі.
— Ұзындығы 20,5 шақырымды құрайтын Тұран-А-2 тас жолы колекторының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ол 2024 жылға өтпелі.Сонымен қатар Абай ауданы бойынша «ТАЗА ӨЛКЕ», «КИЕЛІ МЕКЕН», «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ», «ЖАСЫЛ АЙМАҚ, «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» және «МӨЛДІР БҰЛАҚ» акциялары аясында тазалық жұмыстарын кең көлемде ұйымдастырылып, ауданында 950 метр куб қоқыс шығарылған.