Мефедронның жеткізілімін Қаратау ауданының учаскелік инспекторлары үзді. Полицейлер есірткі курьерін «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізу барысында анықтады. Көше бойында тәртіп сақшыларын көре салысымен жүру бағытын өзгертіп, жасырынуға тырысқан жігіт өз әрекетімен күдік тудырып, тоқтатылған. Тексеру барысында оның сөмкесінен 35 есірткі орамасы мен жасырын орынды қазып дайындауға арналған бұрағыш құралы табылды. Бұдан бөлек, ер адамның 10 жерге есірткі заттарын тығып үлгергені белгілі болды. Олардың барлығы табылып, тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.Шымкенттіктің гаражы астынан аса ірі көлемдегі марихуана сақталған жертөле табылды
Есірткі сатушыны қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері құрықтады. Оның гаражының жертөлесінде бір қап марихуана мен 200-ге жуық есірткі орамасы анықталды. Белгілі болғандай, жертөледе ер адам есірткіні өлшеп-орап, әрі қарай сату үшін сақтаған. Тәркіленген есірткі құралдарының салмағы 10 келіден асты, бұл аса ірі көлем болып табылады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.Есірткі таратумен айналысқан шымкенттік отбасы сотталды. Олар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған. Сатып алушыларға дозалық есірткі орамаларын дайындап, қала аумағында жасырын орындарға қалдырып жүрген.
Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері отбасының 3 мүшесі мен олардың 2 серіктесін анықтады.
Тұрғылықты жерлерін тексеру кезінде есірткі заттары және оларды өлшеп-орауға арналған жабдықтар табылып, тәркіленді.
Тергеу барысында полицейлер барлық дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады.
Отбасының 22 жастағы ұлы, яғни қылмысты ұйымдастырушы сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 4 кінәлі тұлғаның әрқайсысы 16 жылға сотталды.Жалдамалы пәтерде есірткі өсірген: Шымкентте екі фитозертхана жойылды. Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа карсы күрес басқармасы арнайы іс-шаралар барысында 37 жастағы тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Touareg автокөлігін ұстады. Көлік ішінде марихуана салынған 2 пластик сыйымдылығы табылды.
Азаматтың жалдаған пәтерін тексеру кезінде фитозертхана анықталды. Арнайы желдету жүйесі, диодты шамдар, ылғалдылықты өлшеу құралдары, термометр және автоматты суарумен жабдықталған бөлмеде ер адам қарасора өсірген.
Дәл осындай зертхана ер адамның сыныптасының үйінде де анықталды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асады. Оның ішінде қарасора бұталары мен көшеттері және 15 дана бір литрлік сиымдылықтарға салынған марихуана бар. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.