Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен “Әлемнің сыйы-Аруларға” атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында аудан басшысы Рақымберді Жанысбекұлы аналар мен арулар қауымын құттықтап, 50-ден астам ауданның түрлі салада ерекше еңбегімен танылған азаматшаларды, аналар кеңесі, білім мен денсаулық саласы өкілдерін және кәсіпкер әйелдерді, белсенді үй басқарушыларды арнайы құттықтау хатпен, мерекелік кәдесыйлармен марапаттады.
Мерекелік іс-шара қаламызға танымал өнер иелерінің, аудандық жас өнерпаздардың әзірлеген мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.
Іс-шара соңында аудан әкімдігі атынан мерекелік фуршет те ұйымдастырылды.
Жалпы аудан басшысының атап өтуінше аудан аумағында арулар мерекесі қарсаңында бүгінгі мерекелік іс-шарадан бөлек 150 тазалық мекемелеріндегі әйел азаматшалар, 200 мүмкіндігі шектеулі аруларға және ауданның көп балалы, ұзақ жылдар білім, денсаулық саласында ұзақ жылдар еңбек еткен 50 ананы құттықтау жоспарға қойылуда.
Сондай-ақ, аудан әкімі мен орынбасарлары арнайы 10 ананы мекенжайына барып құттықтау жұмыстарын ұйымдастыратын болады.