Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жою бойынша тәрбиелік, ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық шараларды жүзеге асыру.
Бүгінде мемлекеттік органдар тарапынан жүргізіліп жатқан кешенді шараларға қарамастан балалардың зардап шегу деректері жиі тіркелуде.
Бүгін осы бағытта қордаланған мәселелерді зерделеу мақсатында Шымкент қаласы мәслихатының ұйымдастыруымен арнайы мәжіліс өтті.
Мәжіліске депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі саясат және жастар мәселесімен тікелей айналысатын жауапты қызметкерлер қатысты.
Мәжілісте қоғамның ең әлсіз, қорғауға мұқтаж санатындағы кәмелетке толмағандармен атқарылған жұмыстар тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.
Жиын қорытындысымен азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау, профилактикалық шараларды күшейту, өмір сүру деңгейін арттыру, кәмелетке толмағандарға арналған кейбір мекемелердің қызметін қайта құруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.