Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау кеңесінің биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті.
Жиынды «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Жастарды қолдау кеңесінің төрағасы, маслихат депутаты, Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы жүргізді. Кеңес отырысының күн тәртібінде үш мәселе қаралады. Ол — жастарды қолдау бойынша қалалық кеңестің жаңа құрамымен және жылдық жоспарды таныстыру, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылық деңгейін төмендету бойынша атқарылатын жұмыстар және талантты жастарды қолдау, жастар шығармашылығын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы (жол картасы бойынша)кеңінен талқыланды.
Жиын барысында Шымкент қалалық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналды полиция тобының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Бекенов Шарен Холмухамбетұлы, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директорының орынбасары Қанатұлы Дінмұхамед күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады.