Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполис жастарымен еркін форматта кездесу өткізді
Жүздесуде қала басшысы мемлекет бүгінде өскелең ұрпақтың сапалы білім алу, ғылыммен айналысу, жұмысқа орналасу, баспанамен қамтылу және жеке кәсібін бастауға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді. Қала әкімі еліміздің кемел келешегі жастарға тікелей байланысты екенін айтып, «жастық шақта ел игілігі үшін аянбай, адал еңбек ету қажет» деп кеңес берді. Кездесу барысында жалынды жастар өзекті мәселелерді талқылап, ойларын ашық жеткізіп, ұсыныстарын білдірді.