Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі — сыбайлас жемқороықпен күресу болып отыр. Қазіргі таңда бұл мәселеге еліміздегі мемлекеттік органдар айрықша көңіл бөледі. Елімізде жемқорлықпен күреске нақты қадамдар қолға алынуда. Қазақстан Республикасында барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Жемқорлық – қомақты қаражат пен қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Егер де мемлекеттік қызметте істер болсаң, ең әуелі әділ болуың керек. Ол жерге білімділігіңнен де, іскерлігіңнен де әділдігің асса ғана бару керек. Әділ де, адал болсақ, сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүретініміз анық.
Арұят КАМАРДИНҰЛЫ,
Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы