Оқушылардың бейімділігіне қарай дұрыс мамандық таңдауға бағыт беру –әрбір ата-ананың міндеті. Десе де, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері шалғай елді мекендерде орналасқан мектептерді аралап, бітіруші түлектердің мамандық таңдауына жол көрсетуде. Іс-шара Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен еркін форматта өтті. ⠀
⠀
Бүгін «Болашаққа қадам» жобасы аясында түрлі сала мамандары қалалық №131 жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Қонақтар мамандық таңдауда өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылар үшін арнайы дайындалған бейнероликті ұсынды.⠀
⠀
–Бала күнімнен еліме, халқыма қызмет етсем деп армандайтынмын. Сол арманымды мақсатыма айналдырып, М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түстім. Оқу ордасында білім алып әрі жұмыс істеп жүрмін. Жас түлек өзінің бойындағы қабілетін анықтаса, мамандық тандауға қателеспейді,⠀– дейді 4 курс курсанты Бекзат Бекмұратұлы. ⠀
⠀
Айта кетейік, «Болашаққа қадам» – жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін жоба. ⠀