ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының мәліметі бойынша, Еуропалық аймақ елдерінде қызылшамен сырқаттанушылықтың кең таралуы мен өсуі байқалады.
Инфекциядан қорғаудың жалғыз жолы-вакцинация.
Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде иммундау жүргізіледі:
* 12 айлық және 6 жастағы балаларға екі рет;
* 18 жастан 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) екі рет ауырмаған, егілмеген, бір рет егілген ересектерге;
Егер өзіңіз немесе балаңыз ауырып қалса сізге қажет:
* шұғыл медициналық көмекке жүгіну;
* емханаға өз бетінше бармай, дәрігерді күту керек;
* дәрігер келгенге дейін басқа адамдармен байланысты барынша азайту;
* жөтелгенде және түшкіргенде қолды сабынмен және сумен жиі жуып, орамалмен немесе майлықпен аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз;
* тыныс алуды қорғау құралдарын қолданыңыз (мысалы, маска немесе дәке таңғышы);
* өзін-өзі емдеуге болмайды!
А. Искаков
Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары