Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық Кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес жұмысына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы қатысып, қалалық маслихат депутаты, Кеңес төрағасы Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы жүргізді. Отырысқа жастарды қолдау кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары, басқарма өкілдері, партия белсенділері, жастар рухының мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Техникалық және кәсіптік оқу орындарын және жоғары оқу орындарының білім беру сапасы. Сапалы кадр даярлау, түлектердің жұмысқа орналасуы;
2.Жастарға арналған бизнеске қайтарымсыз гранттардың қолжетімділігі;
3.Жастар арасындағы жұмыссыздық. Жастарды жұмыспен қамту;
4. Лудомания, гемблинг, игромания, құмар ойындарға тәуелділік;
5.Шымкент қаласындағы «Жұмысшы жастарға» бағдарламасы аясында берілетін 900 пәтерді іске асырылуын қатамасыз ету. Мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігі;
6.«Экономиканы өркендетуге және халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін тағы бір бағыт — медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру, ақпараттық технология салаларын қамтитын креативті индустрия бойынша биылғы жылда атқарылып жатқан жоспар.
Жиын барысында тұрғын үй басқармасы басшының міндетін атқарушы Нұржан Кыдырбайұлы, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Сүйіндікұлы, Шымкент қалалық «Мансап» орталығының басшысы Дария Амангелдіқызы, білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жанар Бекетовнаның баяндамалары тыңдалды. Кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері назарға алынып, алдағы уақытта шешу жолдары қарастырылды.