Бүгін ҚР Парламентінде Сенат төрағасы М.Әшімбаевтың қатысуымен Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде «Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында Үкімет сағаты болып өтті. Маңызды жиынға орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы және өкілді органдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты. Үкімет сағаты жеке және бейнеконференц байланысы арқылы онлайн форматта өтті.
Жиын барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы өзекті мәселелер мен саланы дамытуда мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Әлібек Сәкенұлының айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін 2030 жылға дейінгі шағын және орта кәсіпкерлікті даымыту тұжырымдамасы әзірленді. Бастама іске асса, 2030 жылға қарай осы салада жұмыс істейтіндердің санын 5 миллион адамға дейін ұлғайтуды қамтамассыз етеді. Сондай-ақ 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесін 40%-ға, жалпы ішкі өнімдегі орташа компаниялардың үлесін 20%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жиын қорытындысы бойынша Сенат отырысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасында ұсынылған ұсыныстарды қолдады. Сенат төрағасы М.Әшімбаев осы бағыттағы жұмыстардың үнемі бақылауда болатынын айтып, салаға жауапты органдардың Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды.