Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына 2023 жылдың 8 қараша күні сағат 09-00 ден бастап 10 қараша күні сағат 19-00 аралығында өтінімдер қабылдау басталады.
Конкурс балдық жүйе бойынша балдарды есептеу арқылы жүзеге асырылатын болады. Балл келесідей көрсеткіштер бойынша берілетін болады:
1) нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары немесе арнаулы орта білім беру мекемелерінде кәсіпті меңгерген өтініш берушіге – 10 балл;
2) отбасы болған жағдайда — 5 балл;
3) 1 (бір) бала болған жағдайда — 1 балл, әрбір кейінгі бала үшін — 2 балл;
4) кемінде 1 жыл жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;
5) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда — 2 балл;
6) бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әрбір жылы үшін – 1 балл;
7) өтініш берушінің екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарында (депозиттерінде) жинақтаған әрбір жыл үшін және шотында кемінде 40 айлық есептік көрсеткіш қалдық болған жағдайда – 2 балл.
ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН КЕЛЕСІДЕЙ ҚҰЖАТТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ҚАЖЕТ
Ø білімі туралы құжаттың көшірмесі;
Ø жұмыс орнынан анықтама;
Ø өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
Ø Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын заң жүзінде көрсетілген құжаттар (еңбек кітапшасы, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер);
Ø банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;
Ø өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).
Ø жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме (соңғы 6 ай үшін);
Ø жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың бүкіл кезеңі үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы хабарлама (куәлік);
Ø жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкер ретіндегі қызметтің соңғы жылындағы кірістер бойынша салық декларациясы.