Шымкент қаласына жаңадан қосылған және шалғай аймақтардың тұрғындарына арналған құқықтық сауаттылық және өмірлік маңызды дағдылар бойынша 30 тамыз күні Достық мөлтек ауданында семинар-тренинг өтті.
Кездесуге Заң ғылымдарының кандидаты Асқат Есеналиев мен психолог Салтанат Асанова қатысты.
Семинар-тренинг барысында шалғайлық тұрғындарға заңгер құқықтық сауаттылық жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заңға енгізілген өзгерістермен таныстырды. Сондай-ақ, интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырды. Ал, психолог отбасында болатын мәселелерге тоқталып, ортақ ымыраға келу жолдары жөнінде сөз қозғады.