Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында орналасқан Азат тұрғын алабын 25 тамыз күні қала аумағына жаңадан қосылған және шалғай аймақтардың тұрғындарына құқықтық сауаттылық және өмірлік маңызды дағдылар бойынша семинар-тренинг ұйымдастырды.
Оған Заң ғылымдарының кандидаты Асқат Есеналиев мен психолог Салтанат Асанова қатысты.
Шалғайлық тұрғындарға заңгер құқықтық сауаттылық жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заңға енгізілген өзгерістермен таныстырды. Сондай-ақ, интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырды. Ал, психолог отбасында болатын мәселелерге тоқталып, ортақ ымыраға келу жолдары жөнінде сөз қозғады.