Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қала аумағына жаңадан қосылған және шалғай аймақтардың тұрғындарына құқықтық сауаттылық және өмірлік маңызды дағдылар бойынша барлық аудан аумағында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Кезекті семинар-тренинг 24 тамыз күні Қаратау ауданына қарасты Бозарық тұрғын алабында өтті. Онда психолог Комек Ертаев пен «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының басшысы заңгері Айжан Кесебай болды.
— Құқықтық сауаттылық — ол мемлекеттің құқықтық негіздерімен, нормаларымен таныс болу. Яғни өз құқығын білген адам ғана кез келген ситуациядан оңайлықпен шыға алады. Мысалы отбасындағы құқық бұзушылық, мектеп, ЖОО-дағы құқық бұзушылық. Осылардың барлығын алдын алу үшін өз құқығымызды білуіміз қажетпіз. Одан бөлек интернет алаяқатырының арбауынан сақ болғанымыз абзал, — деп сөзін түйіндеді заңгер.