«Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды» деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында.
Осы орайда, 17 тамыз күні Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қала аумағына жаңадан қосылған және шалғай аймақтардың тұрғындарына құқықтық сауаттылық және өмірлік маңызды дағдылар бойынша Тоғыс тұрғын алабында семинар-тренинг ұйымдастырды. Оған психолог Комек Ертаев пен «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының басшысы заңгері Айжан Кесебай қатысты.
Тоғыс тұрғын алабының тұрғындарына заңгер құқықтық сауаттылық жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырды. Ал, психолог отбасында болатын мәселелерге тоқталып, ортақ ымыраға келу жолдары жөнінде сөз қозғады.