Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды» деген болатын.
Осы мақсатта 10 тамыз күні Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қала аумағына жаңадан қосылған және шалғай аймақтардың тұрғындарына құқықтық сауаттылық және өмірлік маңызды дағдылар бойынша жаңаталаптық тұрғындарға семинар-тренинг ұйымдастырды.
Оған психолог Марал Жұмагелді мен «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының басшысы заңгері Айжан Кесебай қатысты.
— Қазіргі таңда азаматтардың құқықтық мәдениетін, саяси белсенділігін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі екені белгілі. Құқықтық мәдениет — азаматтық қоғамдық сана мен әлеуметтік өмірде қоршаған ортаны танудан, зерттеуден, өзара құқықтық қатынастарға баратын түсініктердің қалыптасуынан көрін табады, — деді заңгер Айжан Кесебай.
Сонымен қатар, психолог адам басында көптеп кездесетін жағдайларға тоқталып, одан арылу жолдарын жеткізді.