Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында спорт саласын дамыту мақсатында кешенді жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі — Шымкент қаласына жаңадан қосылған және шалғай орналасқан аумақтардағы тұрғындар арасында спорттық сайыс.
Мақсаты — жастарды дене шынықтыру және спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырып, нашақорлық және есірткіге қарсы күресуге үйрету.
Спорттық сайыс – спорттың 5 түрі бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда, волейбол, кіші футбол, үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалық. Оған қала аумағындағы шалғай елді мекендерден әр спорт түрінен 15 команда жасақталды.