Туберкулездің алдын алу үлкен белсенділікті талап етеді. Әркім өзін вирустан қорғауға және басқаларға жұқтырмауға тырысу қажет. Солай ғана пациенттің, медициналық қызметкерлердің және олардың бүкіл әлеуметтік ортасының вирустың таратқыш көзіне айналмауын және олардан сау халыққа жұқпауын қамтамасыз ете аламыз
Осы мақсатта емдеудің ең тиімді тәсілдері ақпараттандырудан бастап, дәрілік препаратқа дейін қолданылады. Бұл туберкулезді жұқтыру қаупін азайтуға, науқастардың сауығуын арттыруға және болашақ ұрпақты қатыгез қоздырғыштан қорғауға көмектеседі.
Алдын алу профилактикасы бірден бірнеше векторларға бағытталған жалпы (спецификалық емес) және жеке (науқастардың белгілі бір топтары үшін) сипатта болады:
Әлеуметтік профилактика- қоршаған ортаны жақсартуға, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Оның міндеттеріне халыққа салауатты өмір салтын ұстануды, спортпен айналысу және дұрыс тамақтануды насихаттау кіреді.
Туберкулездің санитарлық профилактикасы- сау адамдарды туберкулез инфекциясынан қорғауға , олардың күнделікті тұрмыста және жұмыс орнында науқастармен қарым қатынасы барысында сақтық шараларын дұрыс ұстануға мүмкіндік береді.
Спецификалық– келешек ұрпақ үшін «денсаулық негізін» жасау, яғни отыз жасқа дейінгі тұрғылықты халықтың иммунитетін көтеру.
Бұл тапсырмаларды орындауда көмектеседі:
-БЦЖ вакцинасы жаңа туған нәрестелерге туғаннан кейін 4 немесе 5-ші күні салынады. Құрамында әлсіреген MBT штампы бар, ол вакцинация орнында көбейіп, вирус үшін қорғаныс тосқауылын жасайды.
-Ревакцинация- БЦЖ вакцинасын қайта егу, яғни бірінші вакцинацияны күшейту.Ол кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: мектеп жасындағы 7, 12, 16-17 жас аралығындағы балалар үшін. Содан кейін отыз жасқа дейін әр бес жыл сайын.
Бұл вакцинацияны жүргізбес бұрын міндетті түрде ағзаның Мантуға реакциясын (теріс немесе оң) тексеру қажет, содан кейін ғана қайта вакцинацияға рұқсат беріледі немесе тыйым салынады.
Айта кететін жайт, туберкулезге қарсы профилактиканың бұл түрі бұрын туберкулезбен ауырғандар; ревматизм, эпилепсия, экссудативті диатез үшін; ағымдағы жұқпалы аурулардың жедел түрлерінде; аллергиялық және дерматологиялық диагноздар кезінде ұсынылмайды
Туберкулездің алдын алу
Барлық жастағы адамдарға арналған жадынама
Бүгінгі күні туберкулездің аса қауіптілігі және оның барлық континенттерде болуы күмән тудырмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларының соңғы бағалауы бойынша, әлем халқының үштен бірі туберкулез вирусынан зардап шегеді. Бұл жаһандық мәселе болғандықтан, бүкіл әлемдік қауымдастық пен жетекші медицина ғалымдары оны шешу жолында мүмкіндігінше адамдардың назарын аударуға тырысуда.Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аталып өтеді.
Аурудың шегін төмендету, өзіңізді және қоршаған ортаңызды зиянды аурудан қорғау үшін туберкулездің иммунопрофилактикасы қамтамасыз ететін белгілі бір сақтық шараларын білу және сақтау қажет. Олар екі құрамдас бөлікке бөлінеді: «Барлық халық үшін жалпы профилактика» және «Науқас үшін туберкулездің алдын алу әдістері». Олармен әлі таныс емес немесе өз білімінің дұрыстығына көз жеткізгісі келетіндер үшін төмендегілерді оқуды ұсынамыз.
Н.Нышанов Түркістан облысының СЭБД басшысы