Еңбекші аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығының қызметкерлері және ауданы әкімі аппаратының жанынан құрылған атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген отбасылардың үй-тұрмыстық материалдық жағдайларына зерделеу жұмыстарын жүргізетін учаскелік комиссия мүшелерінің қатысуымен семинар кеңес өткізілді.
Семинар кеңесің мақсаты атаулы әлеуметтік көмектің заң талаптарына сәйкес дұрыс тағайындау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі
Аталған тақырыптарға сәйкес тараптар өзекті мәселелерін ортаға салып, оларды шешу жолдары мен жұмыстарды жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық әрекеттерді болдырмау мен алдын алу мақсатында жемқорлық әрекеттер үшін заң талаптарында көрсетілген жауапкершіліктер туралы кеңінен түсіндіріліп, тиісті ескерту жұмыстары жүргізілді.