Екі жылда «eQurylys» жүйесінде аталған мәліметтердің болмауы себептен жергілікті атқарушы орган 260-қа жуық өтінішке лицензия беруден бас тартқан. көрнекілік сурет ашық дереккөзден Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алудағы жүйелі кедергіні жойды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы қызметті жүзеге асыру талаптарының бірі өндірістік базаның және инженерлік-техникалық қызметкердің болуы болып табылады. «eQurylys» жүйесінде аталған мәліметтердің болмауы себептен жергілікті атқарушы орган 260-қа жуық өтінішке лицензия беруден бас тартқан (2 жылда). Кейбір жағдайларда өтініш берушілер лицензия алу үшін бірдей құжаттарды 10 рет тапсыруға мәжбүр болған. Сонымен қатар, аталған жүйе мәліметтерді енгізу және оларды түзету күнін көрсетпейді. Бас тартудың негіздігін тексеру мүмкін емес. Қалалық Антикордың араласуынан кейін мұндай тәжірибе тоқтатылып, жергілікті атқарушы органның бұйрығыммен осы негіздер бойынша лицензия беруден бас тартуға тыйым салынды.
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Инвестицияның жетіспеуі экономиканың өсімін тежеп тұрған басты мәселе болып тұр. Инвестицияның тапшылығы болашақта тоқырауға әкеп соқтырады. Былтыр негізгі капиталға салынған қаражат ішкі жалпы өнімге шаққанда небәрі 15 пайыз болды» деп, инвестиция тартудың экономиканың дамуындағы маңызы туралы айтқан болатын.
Осы орайда Шымкент қаласының экономикасына инвестиция тарту бойынша негізгі салалардың бірі құрылыс саласы екені белгілі. Шымкент қаласының құрылыс басқармасымен 2023 жылы бюджет есебінен жалпы 144,9 млрд. теңгеге 160 нысанның құрылысы жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым нысандары, 43 әлеуметтік нысандар бар.
Оның ішінде тұрғын үй құрылысы бойынша ағымдағы жылдың қорытындысымен 230,1 мың шаршы метр құрайтын 3 072 пәтерлі 67 тұрғын үйді (кредиттік — 61, арендалық — 6) пайдалануға беру жоспарланған. Осы жылдың сәуір айында Тұран шағын ауданында 1 көпқабатты тұрғын үйдің (54 пәтер) құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды.
Бұдан бөлек нарықтан 1 405 арендалық пәтер сатып алынады. Оның ішінде 900-і жұмыс істейтін жастарға, 505-і әлеуметтік осал топтағы азаматтар беріледі. Қазіргі таңда жастарға – 420, ал, аз қамтылғандарға 363 пәтер сатып алынды. Қалған 31 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі.
Ал, инфрақұрылым құрылысына тоқталар болсақ, 2023 жылы бұл бағытта 18 нысан салу жоспарланған. Жыл соңына дейін 12 инфрақұрылым нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Қалған 6 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.