Еліміздің болашағының жарқын болуы – біздің жастарымыздың, өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне, алпауыт мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелестік танытып, үздіксіз дамуына, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, өзгермелі өмірге тез бейімделуіне, жаңа кәсіптерді игеріп, алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана алуына байланысты. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», – деп ата-бабамыз ертеден – ақ бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Өскелең ұрпақ – біздің болашағымыздың алтын діңгегі, жалынды жастар – ерекше күш. Сондықтан да өскелең ұрпақты жан-жақты, білімді, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, сыни тұрғыдан ойлай алатын, өздігінен шешім қабылдай білетін, рухани құндылықтарды бойына сіңірген, өресі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу – мемлекетіміздің басты міндеті, ата-ананың парызы, білім беру саласы қызметкерлерінің борышы. Бүгін қандай ұрпақ тәрбиелесек, ертеңіміз сондай деңгейде болары анық.
Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Индустриялды техникалық колледжінде «Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараға Тұран ауданы әкімшілігінің маманы Сахов Мадияр Молдаханұлы мен Дін істері басқармасының теолог маманы Беккудов Серік қатысты.
— Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі, — деп сөзін түйіндеді Мадияр Молдаханұлы.
Сонымен қатар, дін өкілі өзге діндердің ықпалынан сақтанып, жат ағымның жетегіне ермегеуге шақырды.азіргі таңда әрбір азамат баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді шебер, еңбекқор, келешекте Отанымызды қорғайтын азамат болып өсуіне ықпалымызды тигізуіміз қажет. Оқушыларымыз арнап өлең шумақтарын тарту етті. Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тәрбиесі Ұлтымыздың болашағы-тәрбиелі ұрпақтың қолында.ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, білімді ұрпақ болашақтың тұтқасына ие болары анық. Заңғар жазушы М.Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», – деген еді. Еліміздің жарқын болашағының кепілі – білімді ұрпағымыз көп болсын.