Медиация кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Жиын барысында кеңес мүшелерімен екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Шымкент қаласында медиация апталығы барысында халық арасында 70-ге жуық сауалнама жүргізілді. Қазіргі кезде қалада 4 медиация орталығы жұмыс істейді. Олардың қызмет аясы Шымкент қаласы мен Түркістан облысын қамтиды. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ықпалдастық байланыстары бар.
Медиация дегеніміз бұл латын тілінен аударғанда medire-делдалдық ету дегендігі білдіреді, яғни тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі болып саналады.
Жалпы, медиация өз бастауын көне заманнан алады. Оның ішінде өзіміздің тарихымызға көз салатын болсақ бүгінгі таңдағы медиаторлардың атқарып отырған жұмыстарын дауларды шешу, екі жақтың мүддесін қанағаттандыру және т.б. жұмыстарын сол кездегі билер алқасы жүзеге асырған.
Осы орталықтардың 9 медиаторы қалалық ассамблея жанындағы медиация кеңесінің құрамына енгізілген. Бүгінде Ассамблея медиаторларының тізіліміне 12 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация ұғымын ілгерілетуге қызмет атқаруда. Қазіргі таңда, халық арасындағы түсіндіру жұмыстарына 6 – кәсіби, 6 – қоғамдық медиаторлар тартылған.
Мемлекет басшысы этносаралық қарым-қатынаста медиацияның маңызын атап өтіп, келіссөз жүргізетін кәсіби мамандарды дайындау бойынша тапсырма берген болатын. 2019 жылы қалалық ассамблея жанынан Медиация кеңесі құрылды. Құрамына 6 кәсіби, 6 қоғамдық медиатор енген кеңес негізгі қызметімен қатар, этномедиацияны дамытуға тұрақты атсалысып келеді.
Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесе қызмет атқарып келеді. Ассамблея медиаторларының тізіліміне 12 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация ұғымын ілгерілетуде жүйелі жұмыстар жүргізуде.