Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 5 түрі бойынша «Электрондық үкімет» (www.egov.kz, www.elicense.kz) веб-порталдар арқылы қызмет көрсетеді.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқармаларына 2023 жылдың 8 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпы саны 1 710 өтініш түсіп, оның
1 269-на мемлекеттік қызмет көрсетілген, 441-нен дәлелді бас тартылған.
1. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша. (575 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 399 дәлелді бас тартылған)
2. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша. (351 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 16 дәлелді бас тартылған)
3. Тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру бойынша. (5 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 1 дәлелді бас тартылған)
4. Патогендіктің I-IV топтарындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру бойынша. ( 90 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 14 дәлелді бас тартылған)
5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру бойынша. (248 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 11 бас тартылған).
Дәлелді бас тартуларға құжаттар топтамасының толық болмауы, мерзімдерінің өткендігі және нысандардың санитариялық талаптарға сәйкес келмеуі себеп болды.
Н. Нышанов
Түркістан облысының СЭБД басшысы