«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығының Абай аудандық «Мансап» орталығында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға қаладағы 10 жұмыс беруші мекеме қатысып, ізденушілерге өндіріс және құрылыс салаларынан техникалық және жүргізуші, дәнекерлеуші-механик, электрик сынды 100-ден астам бос жұмыс орындарына шақырды. Қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының мамандары қосымша «Enbek.kz» сайтында тіркелген 1000-ға жуық жұмыс орнын ұсынды.
Пробациялық бақылауда жүрген азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және жұмыс орнымен қамтып, әлеуметтік қолдау көрсеу аса маңызды. Сала мамандары бұл тұрғыда жұмыс орындарына жолдама беріп, қажет болған жағдайда жұмыс беруші мекемелермен қайта тілдесу ұйымдастыруды көздейді.
80-ге жуық ізденуші қатысқан шара нәтижесі бойынша 32 адамға жұмыс орындарына жолдама берілді. Қалғандары бойынша жұмыс беруші мекемелермен қосымша тілдесу жүргізілу жоспарлануда.
«Пробация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес (11.01.2020 ж.жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды қайта әлеуметтендіру, әлеуметтік бейімдеу және оңалту, оның ішінде жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жолымен қамтамасыз етіледі.
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсету кезінде Жұмыспен қамту қызметтері мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
жұмыссыздарды халықты жұмыспен қамту орталығының бос орындар базасында бар бос жұмыс орындарына жібереді;
жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді;
жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жібереді;
жұмыссыздарды кейіннен олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесе отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жібереді;
жұмыс орындарының квотасы бойынша жұмысқа орналасады.