Жауынгерлік достастық» жаттығуы бірнеше кезеңде өткізілді. Оқу-жауынгерлік міндеттерін ойдағыдай орындап келген әскери қызметшілерді ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің 10216 әскери бөлімінде салтанатты түрде қарсы алды. Бригада басшылығы, әріптестері, сондай-ақ жақындары мен туыстары жауынгерлерді қарсы алып, оқу-жаттығуда көрсеткен кәсібилігі үшін алғыстарын білдірді. 10216 әскери бөлімінің 30-ға жуық әскери және арнайы жауынгерлік техникасы, сондай-ақ 200-ден астам әскери қызметшісі Қазақстан мен Қырғызстанның «Жауынгерлік достастық – 2023» бірлескен оқу-жаттығуынан тұрақты орналасу пункттеріне оралу үшін, 1000 шақырымнан астам қашықтыққа шеру жасады.
Осы сәт бір айдан астам уақыт бойы әкелерін көрмеген әскери қызметшілердің балалары үшін өте әсерлі болды. Көптеген балалар әкелерінің құшағында жеткенде қуаныштан көз жастарын ұстай алмады. Бұл бүлдіршіндердің үйде оларсыз қаншалықты сағынғанын көрсетті. Әскери техника колоннасы бөлім аумағына жеке құраммен кіргеннен кейін, бірінші болып бөлім командирінің қызы Тамила топ бұзып жүгіріп шықты. Ол осы күнге арнап, мектеп формасын жасыл бантикпен киіп келіпті, өйткені әкесі қызының мектеп барып жүргенін осы күнге дейін көрмепті.
Әкесінің құшағынан шыққысы келмеген қызымен бірге бөлім командирі бірінші орынбасарынан баянатты қабылдады. Осыдан кейін полковник Жұбанов жеке құрамға және отбасы мүшелеріне шыдамдылық пен табандылық танытқаны үшін алғыс сөздерін айтты. — Құрметті жауынгерлер, сіздер табандылық пен шыдамдылық таныттыңыздар, барлық жауынгерлік тапсырмаларды абыроймен орындадыңыздар! Отан игілігі үшін лайықты қызметтеріңіз үшін Рахмет! — деді бригада командирі полковник Орынбасар Жұбанов. Айта кетсек, «Жауынгерлік достастық» жаттығуы бірнеше кезеңде өткізілді. Алдымен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бөлімшелерінің жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, әскери эшелондармен оқу-жаттығу өтетін «Сарышаған» полигонына шеру жасады.
Содан кейін Басқару органдары мен әскерлердің қимылдарын жүргізуге дайындау жүргізілді. Оқу-жаттығудың белсенді кезеңінде Қазақстан мен Қырғызстан әуе қорғанысының жауынгерлік есептоптары әртүрлі, соның ішінде зениттік зымыран кешендерінің заманауи үлгілерінен практикалық атыстарды орындады.