Қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда. Шымкент қаласында тиісті өнім көлемдері бекітілген сауда орындары арқылы белгіленген бағада сатылып келеді. Бұл туралы бүгінгі брифингте ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Джанбатыров Абунасыр Шарифуллаұлы ақпарат берді. Бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында, құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылып, жыл басынан 72 комиссия отырысы өтіп, аптасына 2 реттен көшпелі жиналыстар ұйыдастырылып келеді. Талдау нәтижесімен 70-ке жуық бұзушылық фактілер анықталып, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде кемшіліктер толығымен жойылған. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерге электрондық шот-фактуралар арқылы хронометраждық зерттеу жүргізіліп, шекті сауда үстемесін 15 пайыздан асырған 26 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Апта сайын жергілікті тауар өндірушілерімен шаруа қожалықтарының және көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, бюджеттен 8,7 млрд.теңге бөлініп, 200-ге жуық сауда орындарында бірінші қажетті азық-түлік тауарлары нарықтан төмен белгіленген бағада сатылып келеді. Осылайша тиісті өнімдер бекітілген сауда орындары арқылы белгіленген бағад сатылып келеді