Зауыт өнімдері тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар шетелде де сұранысқа ие. Шымкент қаласында өндірілген өнімдерге шетелдерден сұраныс артып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Мәселен, «Asia Trafo» – қазақстандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндірушісі құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт. Зауыт 2018 жылдың желтоқсанында іске қосылды. «AsiaTrafo» Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында 2 га аумақта орналасқан, 250 адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Ұйымның өз қызметкерлерінің қабілеттілігін дамыту негізгі факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан жаңа қызметкерлерді оқыту, өндірістегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қолға алынған. Біліктілікті арттыру үшін Украина мен Ресейден шетелдік мамандар шақырылды. Зауыттың негізгі шығарылатын өнімдері автотрансформаторлар, күштік май трансформаторлары, сондай-ақ қуаты 500 МВА дейінгі кернеуі 110, 220, 500 кВ реакторлар болып табылады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 12 000 МВА-дан асады. Зауыт өнімдері тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар шетелде де сұранысқа ие. Қазақстанның Шымкент, Түркістан, Павлодар, Өскемен, Ақтау, Қарағанды, Атырау, Астана сияқты трансформаторлық қосалқы станцияларында орнатылды. AsiaTrafo жыл сайын ТМД нарығына, сондай-ақ Грузия мен Украинаға кернеуі 110 кВ және одан жоғары трансформаторлық жабдықтардың экспорттық жеткізілімдерінің санын көбейтуде. Сонымен қатар, “Тассай” индустриалды аймағында орналасқан заманауи үлгіде жабдықталған «ЭКО ФАРМ» ЖШС өнімдерін де айтуға болады. Кәсіпорында медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдары — қорғаныш киімдері, обаға қарсы жиынтықтар мен маскалар шығарылады. Жоба құны — 3,4 млрд теңгені құрайды. Мұнда жылына 17 түрлі 600 мың дана қорғаныс киімі өндіріледі. Жылына медициналық киім – 500 мың данасы, медициналық маскалар мен респираторлардың – 100 млн.данасы, медициналық қорғаныс көзілдірігінің — 1 млн. данасы нарыққа шығарылады. Шымкентте өндірілген тауарларға Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды қалаларынан сұраныс зор. Қазір көрші елдермен де тапсырыс бойынша тиісті келісім шарттар жасалуда. Цехтың жалпы ауданы 1,25 га аумақты алып жатыр. Бүгінде өндіріс орнында 250 ден астам адам жұмыспен қамтылған.