Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастар істері жөніндегі комитет төрағалары мен жастардың қатысуымен «Құмар ойынға құмартпа» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жастар арасында лудоманияның зияндығын насихаттау мақсатында өткен жиын Қаратау ауданының жастар ресурстық орталығының ғимаратында ұйымдастырылды.
Құмар ойындарға тәуелділіктің басты белгілері мен оған итермелейтін бағыттар жөнінде сөз етілді. Бас қосудың нәтижесінде осындай жат қылықтардың алдын алу бойынша оқу орындары арасындағы жоспарлы жұмыс күшін күшейту қажеттігін жеткізіп, барша жастармен бірлесе қоғам дертімен бірге күресу қажеттігін айтып тарқасты.
Ал Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 100- ге жуық қыздары «Қыз-болашақ ана» тақырыбындағы жиынға қатысты.
Онда құқықбұзулықтың алдын алу және қазақ қызының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік сияқты жан-жақты ұлттық асыл қасиеттерді бойға сіңіру туралы келелі ойлар, пікірлер айтылды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры аясындағы игі шарада тәжірибиелі гинеколог, психолог, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, полиция департаменті қызметкерлері өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Кездесуде бұдан бөлек аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастардың психологиялық сауатын арттыруға арналған да іс-шара болды. Соңы Қаратау өнер мектебінің дәстүрлі әншісінің әуезді әндеріне ұласты.
Алдағы уақытта мұндай жиындар басқа да оқу ордаларында да жүзеге асырылмақ.