Шымкент қаласында 2023 жылдың 15 қыркүйек пен 15 қараша күндері аралығында 2024 жылға бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына өз еркімен тіркелу науқаны жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, емханаға тіркелу электрондық үкіметтің «egov» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
9 санат бойынша емханаларға тіркелуге тікелей өтінім бере алатын азаматтарға кімдер жатады?
Тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысандағы өтінімді рәсімдеуді мынадай санаттағын азаматтар бере алады:
1) зейнеткерлер;
2) мүгедектер;
3) қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (осы санаттағы жеке тұлғалар, кәмелетке толғандар болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да заңды өкілдері);
4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша);
5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер;
6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері;
7) шет мемлекеттерде туған балалар;
сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және т. б.;
9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндер.
Тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары «Бекітілген халық тіркелімі» медициналық ақпараттық жүйесіне тіркеуге сұрау салуды рәсімдейді. Ақпараттандыру ұйымының маманы тіркеуге сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.