Шымкент қаласы бойынша 15 қыркүйектен бастап Азаматтардың барлық санаттарына, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, жұмыссыз жастарға және т.б. жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша бос орындар жәрмеңкелері, Ашық есік күндері өтеді. Бұдан бөлек:
— 16, 17 қыркүйек күндері А.С.Пушкин кітапханасында «Еңбек галереясы» фотокөрме өтеді;
— 20 қыркүйектен бастап кинотеатрлар мен кинозалдарда еңбек адамдары туралы көркем және деректі фильмдерді көрсету жоспарлануда;
— 20 қыркүйектен бастап «Менің жетістігім – менің нәтижем» ұранымен Еңбек күніне арналған спорттық іс-шаралар өтетін болады;
— 20 қыркүйекке дейін #EnbekEri хэштегі бойынша еңбек адамдары туралы ең үлгілі әңгімелер бойынша онлайн байқауы қорытындыланатын болады;
— 21 қыркүйекте «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын, еңбек ардагерлерін, өндіріс озаттарын және т.б. марапаттау рәсімдері өтетін болады.
21 қыркүйекте «еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
2023 жылдың мамыр айында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік беретін ресубликалық «Еңбек жолы» конкурсы басталған болатын. Конкурс ережесінің талаптарына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша өңірлік деңгейде іріктеу жұмыстары жүргізіліп, «Еңбек жолы» конкурсына жалпы 38, оның ішінде: «Үздік еңбек әулеті» номимнациясына – 4; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясына – 10; «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясына – 24 үміткер қатысуға ниет білдірді.
Қазіргі уақытта аталған конкурс қорытындыланып, жеңімпаздары анықталды. 21 қыркүйекте «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын, еңбек ардагерлерін, өндіріс озаттарын және т.б. марапаттау рәсімдері өтетін болады.