Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы 631 шақырымды құрайтын 595 көше бар. Оның 233 шақырымы шағал тас болса, 33 шақырымы топырақ көшелер. Биыл 70 көшені асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда, 15 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 41 көшеге шағал тас төселмек. Жалпы 2025 жылға дейін 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальтталады.
Аудан әкімінің айтуынша, биыл 41 балалар және 12 спорт алаңша салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, құрылыс жұмыстары жүруде. Қолайсыз ауа-райында су басу қаупі бар 30 мекенжай анықталып, 2022 жылы 22 орынға ұзындығы 13,7 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылған. Ал, 2023 жылы 17 орынға 15,1 шақырым ирригациялық арық жүйелерін салу жоспарланып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде,–дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орталық 91 көше жарықтандырылған. 2022 жылы 30 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылып, биыл 30 көшені жарықтандыру жұмыстары мердігер тарапынан атқарылып жатыр. 2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150-ге жуық көше жарықтандырылады.Тұрғындардың өтініштері негізінде 240 орынға бейнебақылау камераларын орнату жоспарға қойылыпты. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін атқарылмақ.
Қаланың күн тәртібінде қысқа дайындық жұмыстары тұр. Бұл бағытта аудандағы жұмыс қарқыны қызу. 2023-2024 жылдарға арналған жылу маусымына 447 көпқабатты тұрғын үйге «Қуат жылу орталық-3» мекемесімен бірлесіп сығымдау жұмыстарын жүргізу жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес Қаратау ауданындағы жылу алатын көпқабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстарын 8 қызмет көрсетуші мекеме атқаруда. Жалпы көпқабатты үйлерге қызмет көрсететін мекемелер 12 арнайы бригадамен сығымдау жұмыстарып жатыр. Қазіргі таңда, 235 тұрғын үйге сығымдау жұмыстары жасалынған. Қалған 212 тұрғын үйдің дайындығы қыркүйек айының 15-не дейін аяқталады.
Айта кету керек, аудан әкімі тұрғындардың өтінішін де басты назарда ұстайды. Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының «I-KOMEK 109» ситуациялық орталығына осы уақытқа дейін 832 өтініш келіп түскен. Оның 820 өтінішіне толық жауап жолданса, 12-і бойынша жұмыс атқарылуда. Өтініштердің шешімін табу мақсатында тұрғындармен кері байланыс орнатылып,