Бүгін Шымкент қаласында өткен жалпықалалық сенбілікте қала тұрғындары ынтымақ-бірлікпен көше бойлары, арық-атыздарды тазалап, игі тірлікке бір кісідей жұмылды.
«Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің үжымы да тазалық шарасына өз үлесін қосты. Мекеме қызметкерлері белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Көшелер мен жолаяқтар, ирригациялық арықтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Қала тұрғындарын тазалыққа үндеп, өз айналасын, қоршаған ортасын таза ұстауға шақырамыз! Тұран ауданында сенбілікке 3 мыңнан астам тұрғын қатысты.
Бүгін Шымкент қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Күз мезгілінің алғашқы сенбісінде өткен тазалық шарасына мемлекеттік қызметкерлер, мектеп пен өзге де мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлік нысандарының иелері мен тұрғындар белсенді түрде қатысты.
Мәселен, Тұран ауданының өзінде қаланың, қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамайтын 3 мыңнан астам азамат сенбілікке қатысып, айналаны күл-қоқыстан тазартты.
Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, Тұран ауданының аумағында өткен сенбілікке 10 арнайы техника, атап айтқанда, 6 қоқыс таситын жүк көлігі, 2 қоқыс салғыш трактор мен 2 автокран тартылған.
Сенбілікке қатысушылар айналаны қоқыстан тазартумен шектелмей, ағаштардың қураған бұталарын кесіп, ретке келтірді. Қаратаулықтар сенбілікке белсенді түрде атсалысты.
Бүгін Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған игілікті шараға Қаратау ауданы тұрғындары, кәсіпкерлер және аудан әкімдігінің қызметкерлері де белсенді түрде қатысты.
Атап айтар болсақ, «Қаратау» КММ-інен — 130, ал, аудан әкімі аппаратынан — 70 қызметкер және 500-ге жуық тұрғын мен кәсіпкерлер тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында аудандағы табиғат жанашырлары орналасқан кәсіпкерлік нысандарының аумағын, гүлзарлар мен саябақтарды, қоғамдық орындарды, көп қабатты үйлер аулалары және көше бойындағы арық-атыздарды қоқыстан тазартты.