Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» ипотекалық бағыты бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан өтінімдерді қабылдау мерзімі 22.08.2023 жылдан бастап сағат 10:00 ден 31.08.2023 ж. 19:00-ге дейін аралықта жүргізіледі.
«Шаңырақ» бағыты бойынша тұрғын үйлер пул құрусыз өткізіледі.
Нысандар «Шымкент қаласы,»Тұран» шағын ауданы 9 қабатты №6,№8,№10,№12, №№39,40,41,42,43, 49,50,52,53 тұрғын үйлерде орналасқан.
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы 200 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны 3 пәтер.
Пәтер түрі 1: 1 бөлме 1 пәтер, ең үлкен аумағы 42,54 ш.м..
Пәтер түрі 2: 2 бөлме 2 пәтер, ең үлкен аумағы 61,19 ш.м..
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер тұрғын үй кезегінде тұрған, оның ішінде «Бақытты отбасы» бағыты бойынша келесі санаттар бойынша қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
Мегаполис тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғын үй құрылысын 1 млн шаршы метрге жеткізу көзделген. Құзырлылар қалада әлеуметтік несиелік тұрғын үй санын көбейту мақсатында 2026 жылға дейін бюджет есебінен 1 миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынатынын айтады. Қалада әлеуметтік тұрғын үйге сұраныс жоғары. 2022 жылы 198 623 адамды құрады. Оның ішінде 150 мың адам әлеуметтік несие алуға өтініш берген «Отбасы банк» салымшылары болса, 48 623-і әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй алу үшін баспана кезегінде тұрған азаматтар. Алдағы 5 жылда осы санаттағы үйлердің шаршы метрін 1 миллионға, яғни, 38 264 пәтерге жеткізу көзделуде. 2022 жылы мемлекеттік бағдарлама есебінен 173 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Ал 2021 жылы барлық қаржы көздерінің есебінен қалада 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Соның ішінде 140 мың шаршы метрі әлеуметтік үй еді.