Өз құқығыңды біліп, оны талап ету құқықтық сауаттылықтың тек бір бағыты. Кейде, заңды біле тұра ешнәрсе істей алмайтындай жағдай болады. Себеп – құқықтық сауаттылықтық болмауы.
Ондай жағдай да, адамдар алданып, өзгенің арбауында кетеді. Тіпті, алаяқтарға жем болып, қалтасындағыны қағып беретіндер өте көп.
Осыған орай, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Забадам елді-мекенінің тұрғындарымен кездесті.
Олар, тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, рухани құндылықтарды дамыту бойынша сыр шертісіп, ой бөлісті. Сондай-ақ, заңнамаға енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Кездесуге құқықтық сауаттылық бойынша Әділдік жолы ҚБ Шымкент қаласы филиалының төрағасы Айжан Кесебай, психолог, оратор Марал Жұмагелді мен Мансап орталығының маманы Журимбаева Сайда қатысты.
Сала мамандары халықтың ой-пікірін тыңдай отырып, психологиялық кеңестер берді. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен бағдарламалар жөнінде толығырақ түсііндірме жұмыстарын жүргізді.
Құқықтық және азаматтық қоғамның басты белгісі адамның, азаматтың мүдделерінің мемлекет мүддесінен басым болуы екені жалпыға белгілі. Бұндай қоғам өз іс-әрекетінде адам мен азаматтың құқығы, еркіндігі мен мүдделерін бағдарға алады, басқа құндылықтарға қарағанда олардың басымдылығын жариялайды.
Қазақстанның құқықтық, азаматтық қоғамында, бір жағынан, өзара тығыз байланысты, екінші жағынан, биліктің беделі – қазақстандық тұлғаның тәуелсіздігі формуласы арқылы берілген іс-әрекет салаларының бөлінуін ұйғаратын индивид пен мемлекеттің қарым-қатынасының жаңа формаларының негізі қаланған.