Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.
Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Сонымен қатар,жанұяның негізін қалаушылардың бірі ана. Қазіргі таңда жастайынан тұрмыс құрып, балалы болған қыз-келіншектер өте көп.
Өздерінің жас ерекшелігіне қарамастан, өзге біреуді тәрбиелеу оңай соқпасы анық. Тіпті, кейбірі күйзеліске түсіп, не істеп, не қойғанына жауап бере алмайтындар бар.
Ондай адамдар, көпшіліктің қолдауына мұқтаж.
Сондықтан, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас аналар арасында «Оң көзқарас өмірді өзгертеді» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинарды пихологиялық әдістемелер бойынша адамның жан-жарасын емдейтін коуч, тренер Ботакөз Дүйсенбаева жүргізді. Ол жас аналарға өзін-өзі бағалау, қадір-қасиетін арттыру, өзіне деген сенімділігін нығайту бойынша түрлі кеңестер мен бөлісті. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Сондықтан отбасы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы».