Азаматтық қоғамның дамуы – мемлекет өркендеуінің негізгі шарттарының бірі. Өркениетті ел құрудың алтын қазығы азаматтық қоғам қалыптастыру екенін адамзаттың жүріп өткен жолы анық көрсетіп берді.
Бұл ретте, құрамына 3 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым енетін Қазақстанның Азаматтық альянсы азаматтық қоғам дамуына белсенді үлес қосып келе жатқанын айта кеткен жөн. Азаматтық альянс былтырғы президент сайлауында бастамашыл топ болғаны белгілі. Аталған ұйым көптеген игі шаралардың өтуіне мұрындық болып, жемісті жұмыс атқарып келеді.
Еліміздегі азаматтық қоғамның қалыптасуы мен нығаюына заңнамалық негіз қаланып, мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.
Қазіргі уақытта азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы Мәжілістен өтіп, Сенат талқылауына ұсынылды.
Сондай-ақ, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңға өзгертулер енгізіліп, Мәжіліс қарауына ұсынылды. Заң бойынша бұрын қоғамдық бірлестікті құру үшін 10 адамның шешімі қажет болса, жаңа өзгерістерге сай ол 3 адамға дейін қысқарды.
Сонымен қатар қоғамдық кеңестер құрамына енетін азаматтық қоғам институттарының топтары нақтыланады. Өзгертулерге сай, енді қоғамдық кеңес құрамына тек үкіметтік емес ұйым мүшелері, бұқараларық ақпарат және әртүрлі партия өкілдері ғана кіретін болады.
Елімізде реформа жүргізу барысында мемлекеттің рөлін әлсірету реформаторлардың бірден-бір салмақты катесі еді, енді ғана ол бірте-бірте мойындалып, аздап түзеле бастады. Азаматтық қоғамда азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері, шын мәнісінде, заңға бағынушылық пен салықтар төлеуге саяды. Алайда бүлар, бір жағынан, мемлекеттің өмір сүруін және тиімді қызметін камтамасыз ететін, екінші жағынан, тұлғаның қоғамдағы анық және тең әлеуметтік-құқықтық мәртебесін анықтайтын міндеттері болатын. Әлбетте, нақты жағдайлар мен қарым-катынастарда азаматтардың қоғамдық, еңбек, кәсіпкерлік және басқа да іс-әрекетімен қызмет, әскери, отбасы парыздарын орындаумен байланысты басқа да міндеттердің пайда болуы әбден мүмкін.
Азаматтық қоғам — бұл саясатсыздандырылған және идеологиясыздандырылған қоғам. Оған идеологиялық монополизм мүлдем жат. Бұл -еркін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, өркениетті қоғам. Онда жеке билік режиміне, басқарудың волюнтаристік әдістеріне, таптық өшпенділіккедоталитаризмге, адамдарды күштеуге орын жок. Мұнда керісінше, заң мен моральді, ізгілік пен әділдік, демократия мен тең құқықтық принциптерін құрметтейді.