Санитарлық тазалау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 7 аумаққа бөлініп, оған Қаратау ауданы әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітіліп, жұмыс атқарылуда. 2023 жылдан бастап аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстары «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан атқарылуда.
2023 жылы аудан тұрғындарының қатысуымен орталық көшелердің бойына және көп қабатты үй аулаларына 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды.
190 мыңнан астам тұрғыны бар ауданда 2022 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындар арасында келісім-шарт түзу көрсеткіші 99% құрап отыр. Аталған көрсеткішті ағымдағы жылы 100%-ға жеткізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы қоқыс алаңшаларына 2022 жылы аудан әкімі аппараты тарапынан 375 жаңа қоқыс контейнер орнатылып, 46 қоқыс алаңшасының орны абаттандырылса, 2023 жылы 127 жаңа қоқыс контейнері орнатылды.
Ал қазіргі таңда Тұран ауданы аумағындағы айналма жолдардың жиегі көпжылдық гүлдермен көмкерілуде. Сальвияның — 6 000, цинерарияның — 2500, остеоспермумның — 1500, шафранның — 6000 данасы белгіленген аумақтарға отырғызылуда. Алдағы уақытта арнайы орындарға жалпы саны 550 мың түп көпжылдық және біржылдық гүлдерді отырғызу жоспарлануда. Көріктендіру шараларына жұмысшылар мен техникалар жұмылдырылып, агрономдар мен дизайнерлер атсалысуда. Сондай-ақ, биыл күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын көктем гүлдерінің санын 2 миллион данаға жеткізу жоспары бар. Аталған шараның мақсаты – қоршаған орталықты абаттандыру мен экологиялық тазалықты сақтау. Жастарды қала тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағында жасыл желекті көбейтуді тапсырған болатын.Осы мақсатта қалада магистральді көшелер көгалдандырылып, жасыл желектер ретке келтірілуде. Арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштарға күтім жасауда. Көгалдандыру шараларына 270 жұмысшы, 28 техника және 176 көгалшапқыш жұмылдырылды.