Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабына сәйкес «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды».
2023 жылғы 01 қаңтардан бастап азаптау фактілері бойынша қылмыстарды тергеу прокуратура органдарының айрықша құзыретіне жатады.
2022 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен «Азаптау туралы қылмыстық істерді прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру туралы» Нұсқаулық бекітілді.
Қолданыстағы Қылмыстық кодекс азаптауды және тергеудің басқа да рұқсат етілмеген әдістерін қолданғаны үшін жауапкершілікті көздейді.
Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қадағалаудағы қылмыстық қудалау органдармен бірлесіп азаптаулардың алдын алу, сондай-ақ оларды қолданудың шарттары мен алғышарттарын болдырмау жөнінде тұрақты негізде кешенді шаралар қабылдауда.
Әскери қызметкерлері мен қылмысқы қатысты азаматтарға тергеу мен азаптаудың рұқсат етілмеген әдістері қолданылған жағдайда, құзыретті органдарға қорғау үшін жүгіну құқығы түсіндіріледі.
Егер Сізге және Сіздің жақындарыңызға қатысты азаптау немесе тергеудің рұқсат етілмеген әдістері қолданылса, Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасына хабарласу қажет.
Абдрахманов Сейткамал
Шымкент гарнизоны
әскери прокуратурасының
аға прокуроры
әділет майоры