«Жастар Рухы» ЖҚ Шымкент қалалық филиалы қаламыздың ЖОО жатақханаларына зерделеу жұмыстарын жалғастыруда.
Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жаңа заман талабына сай 289 орындық «Студенттер үйі» ағымдағы жылдың маусым айында өз есігін айқара ашып, студенттерімізге керемет сый болды. Жатақхананың сыртқы алаңы демалатын орындықтармен, жасыл желекпен және арнайы гүлзармен көгалдандырылған.
Сондай-ақ, 6 қабаттан тұратын жатақхана жуыну бөлмелерімен, студенттердің жұмыс жасауына арналған арнайы орындармен жабдықталған. Студенттер үйінде Wі-fі интернет жүйесі, лифт және бейнебақылау камералары да бар. Студенттер үшін 50 орындық асхана, тренажорлық зал, кітапхана, спорттық алаң, медициналық пункті және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жолақ қарастырылған. Жатақхананың 1 айлық төлем ақысы 12000 теңге.
Айта кетейік, мониторинг тобында Білім беру және Денсаулық сақтау бойынша қалалық кеңес төрағасы Е.Серкебаев, кеңес мүшесі Б.Қуанышбеков, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы Е.Жүнісбек, Ауезов Жастары қоғамдық қорының төрағасы Н.Қуаныш бар.