Бүгін «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Оңтүстік-Текстиль» бастауыш партия ұйымның жиналысы өтті. Жиынды партияның Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы төрағалық етіп, жүргізді. Сонымен қатар басқосуға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы, партия белсенділері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес «Оңтүстік-Текстиль» БПҰ-ның 2021-2022 жж. бастап осы уақытқа дейінгі есебі тыңдалды. Сондай-ақ «Оңтүстік-Текстиль» БПҰ-нан Еңбекші аудандық филиалының XLIX (49) конференциясына делегаттар сайланды.
«Оңтүстік-Текстиль» БПҰ төрағасының орынбасары Оразбаев Ғалымжан Жеңісбекұлы ұжымның есебі бойынша баяндама жасады.
Исхахаов Талғат Жүнісбекұлы төрағалық ететін «Оңтүстік – Текстиль» бастауыш партия ұйымының құрамында 11 – топ, 753 партия мүшесі бар. БПҰ-ның жоспарына сәйкес «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламаларын кезеңімен жүзеге асыруға өз септігін тигізсе, сондай-ақ партияның арнайы жобаларын іске асыруда белсенділік танытып, насихаттау жұмыстарын жүзеге асыруда.
Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында елді мекендегі қария кісілердің үйлерін аралап, тұрмыс-тіршілігімен танысып, қажеттілігіне қарай көмектер ұйымдастырылды. «Бақытты отбасы» жобасы аясында партия ұйымының төрағасы Талғат Жүнісбекұлының демеушілігімен Ораза айында азық-түлік алу үшін 500 азаматқа жалпы құны 10 000 000 теңгені құрайтын 20000 теңге сертификатын табыстады. 2022 жылдың тамыз айында көпбалалы отбасыларға мектеп формасын алу үшін «Мектепке жол» акциясы аясында 5 000 000 теңге көлемінде көмек көрсетті .