Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, жастар ресурстық орталығының және Төтенше жағдайлар басқармасы мен учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қошқар ата өзені бойында шомылу ережелері бойынша қала тұрғындарына үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Мақсат — төтенше жағдайларды алдын алу, оқыс оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету тәсілдерін үйрету. Түсіндірме жұмыстары барысында тұрғындарға суға шомылу барысындағы қауіпсіздік ережелерімен қоса балаларды қараусыз қалдырмау, белгіленбеген су арналары туралы ескертіліп, қауіпсіздік ережелері көрсетілген жадынама парақшалары таратылды.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласының аумағында қазіргі таңда суға шомылуға рұқсат етілген 3 демалыс аймағы бар.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі